Б.А. Атчабаров атындағы іргелі медицинаның

         ғылыми-зерттеу институты

 

Мақсаттары

  • Институттың басты мақсаттары болып табылады:
  • білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті интеграциялау негізінде денсаулық сақтау ісіндегі заманауи әдістер мен технологияларды, негізгі медициналық-биологиялық білімнің базалық деңгейі бар және білімі жоғары, біліктілігі жоғары мамандардыдаярлау бойынша Институттың алдына қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру;
  • ұлттық денсаулық сақтау жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету үшін, элиталық мамандармен және әлемдік деңгейдегі кәсибилер командасын даярлау жөніндегі алдыңғы қатарлы ғылыми-білім беру кешені ретінде Институт ұстанымын күшейту;
  • іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеудің медицина аясындағы өзекті мәселелерін дамыту.

          Міндеттері

  • Институт базасында медицина ғылымы мен техниканың жаңа жетістіктеріне негізделген Қазақстанның ғылыми зерттеулерінің сыни бағыттары мен қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру және ,ылыми-зерттеу үдерістерінің заманауи орталықтандырылған, жоғары технологиялық материалдық-техникалық базасын құру;
  • Институттың материалдық-техникалық базасы мен біліктілігі жоғары кадырлық әлеуетін тиімді пайдалануды арттыру;
  • Фундаменталды және қолданбалы медицинаның өзекті мәселелері бойынша әдістемелік және ғылыми зерттемелерді жүргізу үшін Институт базасында уақытша ғылыми ұжым жұмыстарын құру және ұйымдастыру;
  • Даярлық мазмұнын өзектендіру, білім алушылар мен оқытушыларды нақты ғылыми-зерттеу және өндірістік үдерістерге белсенді түрде тарту және білім беру үдерісін технологиялық жағынан бейімдеу арқылы білім алушылардың практикалық-бағдарланған даярлығы үшін қажетті жағдай қалыптастыру;
  • Білім алушыларда қазіргі таңдағы экономика бойынша сұранысқа ие, алынған теориялық және практика бойынша қолданбалы білімін тиімді пайдалануға қабілетті жаңа ұрпақ маманына қажетті практикалық және ғылыми қызмет біліктілігін жетілдіру;
  • Орындалып жатқан іргелі және қолданбалы зерттеулер және жас мамандар мен жоғары білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін, білім беру үдерісі бар әзірленімдерді біріктіру;
  • Университеттің Қазақстан Республикасының, сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарымен және білім беру мекемелері арасындағы халықаралық білім беру ынтымақтастығын дамыту;
  • Денсаулық сақтау ісіндегі инновациялық қызметті дамыту: тәжірибе жағдайындағы диагностика мен емдеудің инновациялық технологияларын әзірлеу, ғылыми негіздеу және енгізу, талдау жағынан нақты және диагностикалық жағынан сенімді жаңа әдістер мен зерттеулерді, жұмыс істеудің қарқынды формаларын енгізу;
  • Университеттің материалдық-техникалық базасы мен ғылыми-педагогикалық әлеуетін жетілдіріп, күшейту мақсатында Университеттіңғылыми грантты жеңіп алу үшін ұлттық және халықаралық конкурстарға қатысуын ұйымдастыру;
  • Институт базасында кеңес беру, зертханалық, диагностикалық және клиникалық-тәжірибелік ақылы қызмет көрсету арқылы қосымша қаржы көздерін тарту;
  • Қазақстан мен шетелдік жоғары оқу орындарының ғылыми бөлімшелерімен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп, тәжірибе алмасу мақсатында әріптестік қарым-қатынас орнатуға ықпалдасу.

          Функциялары

Институттың орындайтын функциялары:

  • Білім беру бағдарламаларына ілесу;
  • Оқу-практикалық үдерісті жоспарлау аясында, Университет құрылымдық бөлімшісінің оқу үдерісі мен практиканы жоспарлауға жауапты жетекшісімен Институтта жүргізілетін оқу жұмыс бағдарламаларын, оқу және практикалық сабақтардың кестесін әзірлеу;
  • Институт саласы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік кешкндер әзірлеу;
  • Институт базасында оқу-практикалық үдерістерді ұйымдастыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
  • клиникалық-зертханалық диагностика;
  • клиникалық-эксперименталдық зерттеулер;
  • эксперименталды-фармакологиялық орталық;
  • Институт саласы бойынша білім алушылардың дүниетанымын кеңейтуге, оқуға және таңдап алған мамандығына деген қызығушылығын оятуға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар өткізу;
  • Институт базасында өткізілетін оқу үдерістерін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.
  • Білім берудің негізгі бағдарламаларын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету:
  • уақытша ғылыми ұжымдар қызметін құрып, ұйымдастыру арқылы ғылыми-білім беру әлеуетін топтастыру;
  • білім беру үдерісі бар іргелі және қолданбалы ғылымды оның барлық кезеңдерінде өзара байланыстыру;
  • Университетте білім алушыларды ғылыми зерттеулерге тарту, білім алушылар мен қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.
  • Білім берудегі ғылыми үдерістердің материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету:
  • шетелдік әріптестермен ынтымақтастыққарым-қатынас арқылы және жаңа құрал-жабдық сатып алу есебінен іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерге арналған материалдық-техникалық базаны жетілдіру және күшейту;
  • Университет клиникаларына арналған орталықтандырылған ғылыми клиникалық-диагностикалық зертхана құру;
  • Институттың зертханаларын зертханалық заманауи құрал-жабдықтармен, құралдар түрлерімен, компьютерлік техника және бағдарламалық құралдармен жабдықтау және оларды оқу, зерттеу мақсаттарында белсенді қолдану.
  • Ғылыми-зерттеу және сараптамалық қызмет:
  • медицина ғылымының әртүрлі бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • Университеттегі ғылыми-зерттеу қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу;
  • кешенді ғылыми бағдарламаларды әзірлеу және оларды басшылық қарауына ұсыну;
  • бірлескен зерттеулер жүргізу үшін, шетелден ғалымдарды, ғылыми ұжымдарды, зертханаларды тарту;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау мақсатында, құрылымдық бөлімшелер қызметіне бағыт бағдар беру;
  • денсаулық сақтаудағы бастамашыл жобалардың халықаралық ұйымдарының бағдарламалары негізінде ұйымдастырылатын республикалық, шетелдік және халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатыстыруды ұйымдастыру;
  • халықаралық, республикалық, аймақтық, салалық ғылыми конгрестер, съездер, конференциялар, симпозиумдар, мектептер мен семинарлар ұйымдастыру және оларға қатысу;
  • зертханалық медицина, клиникалық зертханалық диагностика саласында сараптамалық және консалтингтік қызмет көрсету.
  • Клиникалық-диагностикалық қызмет:
  • Халыққа кеңес беру, зертханалық, диагностикалық және клиникалық-тәжірибелік ақылы қызмет көрсету.
  • Ынтымақтастық және халықаралық қарым-қатынас:
  • Өзге елдердің ғылыми орталықтарымен ғалымдар, педагогтар, магистранттар мен студенттер арасында тәжірибе алмасу бойынша байланыс орнату;
  • Институттын саласы бойынша қазақстандық, шетелдік және халықаралық денсаулық сақтау мен білім беру ұымдастарымен, денсаулық сақтау және білім берудің мемлекеттік ұйымдарымен іскерлік қарым – қатынас орнату;
  • Өзге елдердің, соның ішінде «Visiting Professor» бағыты бойынша алдыңғы қатарлы ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарын шақыруды ұйымдастыру;
  • Студенттердің, аспиранттар мен ғылыми қызметкерлердің қатысуымен іргелі медицинаның өзекті мәселелері бойынша конференциялар, симпозиумдар, семинарлар өткізу.

 

Б.А. Атчабаров атындағы ІМ ҒЗИ құрылымы:

  • Виварий;
  • Эксперименттік медицина зертханасы;
  • «Ұжымдық қолдану орталығы» ғылыми зертханасы;
  • Ғылыми клиника-диагностикалық зертхана;
  • Химия мен фармакогнозияның Ғылыми-тәжіриебелік бақылау-аналитикалық зертханасы;
  • Ғылым және инновациялар бөлімі;
  • Магистратура және PhD докторантура бөлімі.