«Ұжымдық қолдану орталығы» (ҰҚО) ғылыми зертханасы

«Ұжымдық қолдану орталығы» (ҰҚО) ғылыми зертханасы

«Ұжымдық қолдану орталығы» (ҰҚО) ғылыми зертханасы аймақтың медициналық мекемелерінің бірлесіп биомедициналық зерттеулерді жүргізуіне ғылыми зертханалық негіз рөлін атқарады. Ғылыми зертхананы Качиева Зульфия Сабирқызы басқарады. Зертхана ресми түрде 2011 жылы 30 қазанда Б. А. Атшабаров атындағы Іргелі медицина ғылыми-зерттеу институтында ашылды, ғылыми зертхананың құрылуы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің жобасы болып келеді.

ҰҚО-да молекулалық биология, геномика, эпигенетика, жасушалық биология және басқа да биомедицинаның басым салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Зертхана күрделі молекула-генетикалық зерттеулерді жүргізу үшін жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Зертхананың артықшылығы тек қана техниканың болуы емес, сонымен қатар осы техниканы жетік меңгерген және берілген саланың түрлі міндеттерін орындауға қабілетті мамандар болып табылады. Зертхананың қызметкерлері үнемі мамандық білімдерін тренингтер мен Қазақстандық міндеттерге сәйкес СТ РК ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақ калибрлеу зертханаларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары», СТ РК ИСО/ МЭК 19011-2002 «Қоршаған ортаны қорғау және сапа менеджменті жүйесінің аудиті бойынша ұсыныстар» курстарына қатысып, жетілдіріп тұрады. Зертхана қызметкерлері молекулалы генетика бойынша ғылыми стажировкадан өткен (АҚШ, Қытай, Эстония, Израиль).

ҰҚО қызметкерлері келесі әдістемелерді меңгерген: ПЦР-ампликондарын, мРНК және пре-мРНК гендерін, ДНҚ, толықгеномды секвенирлеу, гендер экспрессиясының реттелуін зерттеу, ДНК метилденуінің профилін анықтау, ДНК микросателитті маркерлерінің анализі, про- және эукариот ДНК бойынша генотиптеу, сандық ПЦР-анализ, гендер экспрессиясының деңгейін бағалау, чиптерде генотиптеу және HRM-анализі, ДНК фрагментті анализі.

Зертхананың маңызды концепциясының бірі – ғылыми қызметтің бағыттарын кеңейту, биомедициналық зерттеулерді тез және сапалы деңгейде жүргізу мақсатында ғылыми қызметке отандық және шетелдік мамандарды шақыру.

Ғылыми жобалар келесі ұйымдар мен институттармен бірлесіп жүргізіліп жатыр және жоспарлануда: Саклер атындағы медициналық факультеті; Тель-Авив университеті; Ухань университеті, Қытай; BUCK Institute for Research on Aging США; М. Айқымбаев атындағы карантиндік және зоонозды жұқпалар Қазақ ғылыми орталығы ; Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты; Көз ауруларының Қазақ ғылыми-зерттеу институты; Қазақстан-Түрік Университеті, Түркістан қаласы; Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті; ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институті; Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университеті; Тарту университеті, Эстония.

Қазіргі уақытта ҰҚО ғылыми зертхананың негізінде «Белгілерге дейінгі

диагностика және маңызды аурулар қатарын емдеу әдістерінің молекулярлы-

генетикалық әдістері» ғылыми жобасы жүзеге асырылып жатыр. Ғылыми зертхана ғылыми зерттеулерді және жұмысты орындаудың жаңа әдістерін жоғарғы деңгейге жеткізу және материалды-техникалық және кадрлық потенциалды тиімді қолдану мақсатында қызмет етуде.

kaznmu