Химия мен фармакогнозияның ғылыми-практикалық бақылау-аналитикалық зертханасы (ХжФҒПБАЗ) «С. Ж. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті» КЕАҚ стратегиялық дамуы аясында Б.А.Атшабаров атындағы Іргелі және қолданбалы медицина ғылыми зерттеу институтының құрамында, Фармация мектебімен бірлесе отырып, университет ректоры Т.С.Нургожиннің басшылығымен 2019 жылы құрылған болатын.

Оның құрылуы есімін университеттің ғылыми-зерттеу институты зор мақтанышпен атайтын қазіргі заманның көрнекті ғалымы, ҚР ҰҒА академигі Б.А. Атшабаровтың туғанына 100 жыл толуымен тұспа-тұс келді.

ХжФҒПБАЗ мақсаты:

-қолданбалық және іргелік ғылыми-зерттеу жұмыстарды, магистрлік және докторлық диссертацияларды, сондай-ақ отандық және шетелдік ғалымдармен бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау барысында талдамалық базаны қамтамасыз ету;

– қолданыстағы оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес Фармация мектебіне бекітілген оқу материалдары бойынша зертханалық және практикалық сабақтарды жүргізу;

– осуществление научно-исследовательской деятельности в области фармации и технологии фармацевтического производства по фармразработке и фармацевтическому анализу.

– фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы саласында фармацевтикалық өңдеу және фармацевтикалық талдау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру;

Осы зертхананың құрылуы, университеттің миссиясы мен болашағына сәйкес, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, мамандар даярлауға, фармацевтикалық өндірістердің жаңа технологияларын жасауға, ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеуге жәрдемдесетін болады.

2019 жылы үш жылдық мерзімге аттестациядан өткен зертханадағы өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтары жыл сайынғы тексеруден өтеді. Зертханада фармацевтикалық субстанциялардың, дәрілік заттардың және дәрілік өсімдік шикізатының сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалған.

ХжФҒПБАЗ Университеттің басқа да зертханалары мен құрылымдық бөлімшелерімен, отандық ЖШС («Медсервис плюс», ФитОлеум», «Буланфарм», «Жайк и АС» және т.б.) және шетелдік фармацевтикалық фирмалар мен компаниялармен («Santo», «Bionorica» және т. б.) тығыз байланыста.

 1 cуретте: проректор НАО «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ-ның ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Жүсіпов Б.С. пен Б.А.Атшабаров атындағы ІжҚМ ҒЗИ директоры, доктор Салиев Т.М. зертхананың тұсауын кесуде

2 Суретте (солдан оңға қарай): проф. Саяқова Г.М.; проф. Устенова Г.О., доцент Қожанова К.К., доцент Бошкаева А.К., проф.Сакипова З.Б., доктор Салиев Т.М. Презентацияны ХжФҒПБАЗ меңгерушісі, қауымдастырылған проф. Минбаев Б.О. жүргізуде. (10.09.2019г.)