EBSCO электронды кітаптар және мәліметтер қорын тәжірибелік қолдану бойынша тренинг есебі

EBSCO электронды кітаптар және мәліметтер қорын тәжірибелік қолдану бойынша тренинг есебі

Оқытушы-профессорлар құрамының және білім алушылардың рейтингі жоғары журналдарда мақала жариялау белсенділігін жоғарылату мақсатында Б.Атшабаров атындағы ІҚМ ҒЗИ-ның ҒЗЖ менеджменті және инновациялар бөлімі ғылыми кітапханамен бірлесіп, рецензияланатын журналдарда ғылыми мақалалар жазуға көмек көрсету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру бойынша тренинг өткізді.

 

2015 жылдың 10 қарашасында EBSCO лицензиялы менеджерлері Павел Сынек және Тамила Миркаламова оқытушы-профессорлар құрамы және білім алушыларға  EBSCO мәліметтер қорын қолдану бойынша тәжірибелік сабақ өткізді. Тренинг электронды кітапханада қызықты өтті, қатысушылардың өздігінен ізденуге мүмкіндігі болды. Тренинг біздің қолданушыларға қолжетімді ресурстарды қамтыды. Тренинг өткізушілер олардың платформасын қалай қолдануды, іздеу жүргізудің түрлі әдістерін, сұраныс бойынша автоматты хабарлауды қалай жасауды көрсетіп, сонымен қатар мәліметтер қорының мазмұны туралы айтып берді.

Оқытушы-профессорлар құрамы және білім алушылар өздерінің ғылыми мақалаларын дайындау үшін EBSCO мәліметтер қорын қолдану бойынша кәсіби деңгейде тәжірибелік дағдыларды үйренді, сонымен қатар келесі сұрақтар қаралды:

  1. EBSCO мен танысу – біз кімбіз?
  2. Мәліметтер қорына қысқаша шолуы
  3. Электронды кітаптар – олар қалай жұмыс істейді?
  4. Тәжірибедегі интерактивті ізденіс
  5. Базалық және кеңейтілген ізденіс
  6. Түрлі интерфейстер мен ресурстар көмегімен навигация
  7. Толық мәтінге қолжетімділік
  8. Электронды кітаптарды жүктеу
  9. Электронды кітаптарды жүктеу үшін компьютер баптау
  10. Қосалқы құжаттар

 

Семинарға 30 ПОҚ және білім алушылар: оның ішінде 23 ПОҚ, 1 және 2 оқу жылындағы — 6 докторант, 1  — 1 курс магистранты қатысты.

Семинар өткізуді бағалау парақтары бойынша талдау қатысушылардың 95 %-ы іс-шараның басым бағыттары ретінде ақпараттық, дәлдік, қолжетімділік, тақырыптың өзектілігі, материалды толығырақ және нақты  баяндау, презентацияның көрнекілігі және жұмыста ыңғайлылығы деп бағалағанын көрсетті. Ал әлсіз жақтары ретінде қатысушылардың төрттен бір бөлігі компьютердің нашар жұмысы мен аудиторияның техникалық жабдықталуын атап көрсетті. Ұсыныстар тұрғысынан қатысушалар осындай семинарлардың өту уақытын таңертеңгілік уақытқа ауыстыру және шағын үзілістер жасау керектігін айтты.  Семинарға қатысудың себептері ретінде сауалнамадан өткен 10 адамның 9-ы бағдарламаға қызығушылық деп көрсетсе, тек әр 10 адам ҒЗЖ жүргізетіндігі және импакт-факторы бар журналға мақала жариялауды жоспарлағандықтан семинарға қатысқан.

Рисунок1 Рисунок2

 

Құрметпен,

ҒЗЖ менеджменті және инновациялар бөлімі

Об авторе

kaznmu administrator

Вы должны быть авторизованы, чтобы оставить комментарий.