«Төтенше жағдайлар кезіндегі зертханалық диагностиканың өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді

«Төтенше жағдайлар кезіндегі зертханалық диагностиканың өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді

     2016 жылы сәуірдің бірінші жұлдызында  Б.Атшабаров атындағы Іргелі және қолданбалы медицина институты конференц залында , лабараторлы диагностика  және молекулярлы медицина кафедрасында ұйымдастырылған интерн терапевттер арасында «Төтенше жағдайлар кезіндегі зертханалық диагностиканың өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Кафедра меңгерушісі,профессор М.Рысулы  сәлем сөзбен бастады. Конференцияны 6-04-01 тобының интерні Джакашев Даурен жүргізді. Тыңдаушы ретінде қонаққа Фармация факультеті 4 курс студенттері оқытушы Т.Н.Парманқұлованың жетекшілігімен келді.

Келесі баяндамалар ұсынылды:

  1. «Миокард инфарктісі кезіндегі зертханалық диагностикалық өзектілігі» — Матеева Дана,  613-01 тобы;
  2. «Жіті коронарлық синдромның зертханалық диагностикалық заманауи аспектілері» —Асылбекова Айдана, 613-01 тобы;
  3. «Жедел бауыр жетіспеушілігінің заманауи диагностикасы» — Караулов Ерик, 604-02тобы;
  4. «Жедел бүйрек жетіспеушілігінің өзекті диагностикалық аспектілері» — Ергебекова Айнур, 604-01 тобы;
  5. «Паренхиматозды тыныс жеткіліксіздігінің заманауи диагностикалық аспектілері» — Ошанова Айман, 613-02 тобы;
  6. «Өткір улану кезіндегі зертханалық диагностикадағы өзекті мәселелер» — Сидикалиев Шавкат, 604-01 тобы;
  7. «Кардиохирургия тәжирибесіндегі тыныс жеткіліксіздігінің лабараторлы диагностикалық өзектілігі» — Сариева Айдана, 613-02 тобы;
  8. «Сепсис және септикалық жағдайлар кезіндегі зертханалық диагностикадағы өзекті мәселелер» — Сагындыков Марат, 604-01 тобы.
  9. Қазылар алқасы мүшелері: Болеханова Эльмира, 604-02 тобы, Турсунов Пархат, Молбасынова Улжан – 613-02тобы. Қазылар алқасының шешімі бойынша ең үздік баяндаушылар: Ергебекова  Айнур, 604-01 тобының интерні  «Жедел бүйрек жетіспеушілігінің өзекті диагностикалық аспектілері» баяндамасымен, Сидикалиев Шавкат, 604-01 тобы «Өткір улану кезіндегі зертханалық диагностикадағы өзекті мәселелер» баяндамасымен, Караулов Ерик, 604-02тобы «Жедел бауыр жетіспеушілігінің заманауи диагностикасы» -баяндамасымен таңдалды.

Конференция жоғары дәрежеде, төтенше жағдайлардағы лабораторлы диагностика аспектілерін активті талдаумен өтті.Конференция қатысушылардың бәріне сертификат берілді.

Қорытынды сөз ҚР еңбек сіңірген азаматы, профессор Жангелова М.Б.және  ассистент – Садвакас А.С. берілді.

Об авторе

kaznmu administrator

Вы должны быть авторизованы, чтобы оставить комментарий.